Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде 2025–2026 оқу жылына арналған дамыту бағдарламасы аясында білім алушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында «Ұлыларды ұлықтау, тұлғаны таны» жобасы жоспарына сәйкес 5-сынып оқушылары арасында «Қазақ қолөнеріндегі Кендебай» тақырыбында диктант байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қолөнерінің тарихы мен маңызын таныту, сондай-ақ тұлғалық дамуына ықпал ету.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды.





