Көкмардан жалпы білім беретін мектебі бойынша "Кәсіптік бағдар" тақырыбындағы 03-20наурыз аралығындағы айлық іс-шаралар жоспарына сәйкес 11-наурыз күні "Мамандықты таңдау-болашақты таңдау" тақырыбында 9-сынып оқушыларымен ДБОЖО Э. Саметованың ұйымдастыруымен және сынып жетекші Ақжол Құлжанның жетекшілігімен дөңгелек стол отырысы, сұхбат өтілді. Мамандық дегеніміз не? Қоғамға, адамдарға пайласын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандықты оқушы өзі таңдай ма? Ата-ананың ықпалы қандай болу керек? Осы және басқа түрлі мәселелер туралы ой бөлісіп, қорыта келе әр бір оқушы өз болашағын өзі таңдауы тиіс. Бүгінгі таңдау, ертеңгі өмірлік азық. Сондықтан мамандықты дұрыс таңдай білген адамның ертеңінен үлкен үміт күтуге болады деген ортақ тұжырым жасалды. Мамандықты таңдау-болашақты талдау"тақырыбында өтілген дөңгелек стол отырысында оқушылар өздеріне қажет маңызды мағлұматтар алды.
Жаңалықтар





