Мектебімізде "Атамекен" әдістемелік бірлестігінің "Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ" тақырыбында өтіп жатқан айлықтың жоспарына сәйкес 11-желтоқсан күні мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Нышанбаева Бейсенкул 9"б" сынып оқушыларына "XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы Қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақты "Мен кіммін" тренингімен бастап оқушыларды Сәтбаев, Марғұлан, Айтхожин деп үш топқа бөле отырып, кинометафора, тірек мәтін, ПТМТ формуласы, сәйкестендіру әдістері арқылы оқушылардың тақырыпты кең көлемде түсінуіне қол жеткізді. Оқушылар сабақ соңында XX ғасырдың екінші жартысындағы ғылымның дамуы мен бүгінгі күнгі ғылымның дамуын салыстыра отырып ой түйіндеп сабақ өз мақсатына жетті.
Жаңалықтар
