Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Мектебіміздің ұстаздары жеңімпаз атанды!!! Марапаттарыңыз құтты болсын, ұлағатты ұстаздар!!!

Мектебіміздің ұстаздары жеңімпаз атанды!!! Марапаттарыңыз құтты болсын, ұлағатты ұстаздар!!!

20-қаңтар күні Көкмардан жалпы білім беретін КММ базасында
Жас педагогтар арасында « Дарынды балаларға –талантты ұстаз» олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып,жүлделі 2-орын алып ,жеңімпаз атанған бастауыш сынып мұғалімі Нұрлыбек Аружанды және аудандық кезеңінде жүлделі орындарға ие болған жас мамандарды , атап айтсам:Жармұханбетова Айнұр,Арипова Мерей,Мырзахмет Қазыбек,Құлназаров Мұхтар, Диханова Ұлжанды және сонымен бірге «Инклюзивті білім беру барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында өтілген аудандық семинарда үлгілі ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шаралар өтіп ,озық іс –тәжірибесімен бөліскені үшін педагог-психолог А.Мамбетәлі, А.Тасболатова, пән мұғалімі Досан Ұлбала, пән мұғалімі Сахова Перизат,логопед - А.Наушабек облыстық білім басқармасының мадақтамаларымен мапатталғаны үшін мектеп акт залында марапаттау іс-шарасы өтілді.Жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өтілген бұл олимпиадаға жас мамандарымыз барынша белсенділікпен қатысты.Өтілу форматы : TED бұл «Таратуға лайықты идеяларға» арналған жоба. «Бұл қатысып отырған жас мамандарымызға Қазақстандық білім беруді дамытуды жақсартуға ықпал ете алатын ,өзінің бірегей идеясын таратуға мүмкіндік беретін алаң» -деп атап көрсетті МДБОЖО Э.Саметова.
Танымдық ,тәрбиелік маңызы зор іс-шараны мектеп директоры Б.Мырзаш : «Ұлағатты ұстаздар тұтас ұлтты тәрбиелейді» деп, құттықтау сөзімен бастап, жетістікке жеткен ұстаздарымызға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын, келешектері кемелді болсын дейміз.

марапат