Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
📌Мектеп бітіру кеші қарсаңында ата-аналарға ескертеміз!

📌Мектеп бітіру кеші қарсаңында ата-аналарға ескертеміз!

📌Мектеп бітіру кеші қарсаңында ата-аналарға ескертеміз!
📌Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Көкмардан жалпы білім беретін мектебі” 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай
23 мамырда өтетін «Білімім-Отаныма!» атты мектеп
бітірушілердің салтанатты жиынының қарсаңында ата-аналар мен оқушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.
Бұл күн – әрбір түлек пен ата-ана үшін ерекше сәт. Осыған байланысты, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі ережелерді сақтау сұралады:
📌1. Жол қозғалысы ережелері: Балаларыңыздың жолда жүру ережелерін сақтауын қадағалаңыздар. Көпшілік орындарда абай болуына назар аударыңыздар.
📌2. Уақытылы үйге оралу: Мектептегі және мектептен тыс іс-шаралардан кейінгі уақытта балаларыңыздың үйге дер кезінде келуін бақылаңыздар.
📌3. Мерекелік шаралар: Мектеп қабырғасынан тыс мерекелік дастархан жаюға, ұстаздарға сыйлық ұсынуға, аниматорлар мен ивент-агенттіктерді шақыруға тыйым салынады. Мейрамханалар мен дәмханаларда, басқа да көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыруға рұқсат етілмейді.
📌4. Пиротехникалық құралдар: Отшашулар мен пиротехникалық құралдарды қолдануға жол бермеңіздер. Бұл балалар үшін қауіпті әрі заңмен шектелген.
📌5. Су айдындарындағы қауіпсіздік: Шомылу маусымында рұқсат етілмеген су айдындарынан аулақ болуға шақырыңыздар. «Шомылуға тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде суға түсуге болмайды. Қауіпсіздік ережелері сақталмаған демалыс орны қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін.
📌6. Көлік құралдарын басқару: Балалардың өз бетімен рөлге отыруына немесе жол жүру ережелерін бұзуына жол бермеңіздер. Түлектердің ата-ана көліктерін немесе автокөлік жалдап, қоғамдық орындарда шеру құруына рұқсат етілмейді.
📌Мектеп бітіру кеші – өмірдің жаңа кезеңіне қадам басар сәт. Осы күннің қуанышы оқушыларымыздың қауіпсіздігімен үйлесім табуы аса маңызды. Балаларымыздың жарқын болашағы мен амандығы – барлығымызға ортақ жауапкершілік.
📌“Көкмардан”жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі
#Отырар Ауданының Білім Бөлімі
#көкмарданжалпыбілімберетінмектеп