Мектеп бітіруші әрбір түлек үшін жалпы орта білім туралы аттестат алу ерекше толқыныс пен қуанышқа толы күн. Бұл рәсім түлектердің ересек өмірге қадам басуының алғашқы сәті.Осы орайда 19.06.2025 жылы мектебімізде «Жас түлек-2025» салтанатты іс-шарасы өткізіліп 2024-2025 оқу жылында мектеп бітіруші түлектерге аттестаттар тапсырылды. Салтанатты шарада мектеп директоры А.Шарипов бітіруші түлектерді құттықтау сөз сөйлеп бойларына ата-ана мен ұстаздары берген ақылын, мектеп берген білім мен тәлім-тәрбиені сңіріп, үлкен өмірде қай салада болмасын өз елінің абыройлы азаматы, ұлттың мақтанышы болуларына тілектестік білдірді. «Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын!» құрметті бітіруші түлектер!
Жаңалықтар
