Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Мен және кітап

Мен және кітап

📚 "Мен және кітап"

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу мақсатында ұйымдастырушы педагогі мен мектеп кітапханашысы Мұсаева Бақыт апайдың ұйымдастыруымен "Мен және кітап" тақырыбында қабырға газет байқауы өткізілді.

📰 Байқауға әр сынып белсене қатысып, шығармашылықпен дайындалған жұмыстарын ұсынды. Газет беттерінде оқушылардың сүйікті кітаптары, әдеби кейіпкерлері мен кітап оқудың пайдасы жайлы тың ойлары мен суреттері көрініс тапты.

📖 Бұл шара жас ұрпақты рухани байлыққа жетелейтін, кітаптың құндылығын ұғындыратын маңызды іс-шара болды.

#МенЖәнеКітап

#КітапДүниесі