Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Нашақорлыққа жол жоқ

Нашақорлыққа жол жоқ

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында тәрбиелік мәні зор қабырға суреттері салынды.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларға нашақорлықтың зияны мен қауіптілігін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және оларды дұрыс таңдау жасауға бағыттау.

Оқушылар өз қолдарымен салған қабырға суреттері арқылы қоғамды ішімдік пен есірткіге қарсы тұруға, жастарды спорт пен пайдалы әдеттерге жетелеуге үн қосты.

Нашақорлық – өмірді құртады. Салауатты өмір – болашақты құрады!