Мектебімізде 5-желтоқсан күні "Атамекен" әдіс бірлестігінің "заманауи білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолданудың тиімді жолдары" деген тақырыптағы айлық жоспарына сәйкес тарих пәнінің мұғалімі Нышанбаева Бейсенкул 8"б" сынып оқушыларына "Неліктен Мұстафа Кемал "Ататүрік" деп аталды?" тақырыбында үлгілі ашық сабағын өткізді. Сабақта оқушылар Мұстафа Кемал Ататүріктің Түркия елінің тәуелсіздік алу жолындағы күресі мен жүргізген реформалары туралы толық мәлімет алды. Мұғалім сабақта "ChatGPT", "Wordwoll" платформасынан тақырыпқа сай бірнеше тапсырмалар орындата отырып, оқушылардың тақырыпты терең меңгеруіне қол жеткізді.
Жаңалықтар





