Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде «Химия ғажайыптары» үйірмесінің жетекшісі Жармұханбетова Айнұрдың ұйымдастыруымен 22 қаңтар күні 7-сынып оқушыларымен «Үнемді тұтыну» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға су, энергия және тағам ресурстарын үнемді пайдаланудың маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар үнемді тұтынудың күнделікті өмірдегі рөлімен танысып, табиғатты қорғаудың қарапайым жолдарын үйренді.
Жаңалықтар





