16.02.2026жыл. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында"Оқитын сынып" жобасы іске асыру мақсатында, Көкмардан жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен педагог,коғам қайраткері,композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай"Саз әлемінің сардары"такырыбында", композитордын өмірі мен шығармашылығына библиографиялық шолу болып өтті. Іс-шара барысында оқушылар А.Жұбановтың өмір жолынан,шығармашылығынан бейнеролик тамашалады.Композитордың өмір жолынан ғылыми-зерттеу еңбектерінен ,әндерінен ізденген деректерін ортаға салды.Іс-шараны қортындылау мақсатында Брейнринг әдісі бойынша викториналық сұрақтартарға жауап берді.Мақсаты:Көрнекті композитор,дирижер және музыкатанушы Ахмет Жұбановтың шығармашылығы мен мұрасын насихаттау.
Жаңалықтар





