Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты “Көкмардан” жалпы білім  беретін мектепте 1 қыркүйек білім күніне орай  1-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын аталып өтті. Алғаш  мектеп табалдырығын аттаған  бүлдір

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты “Көкмардан” жалпы білім беретін мектепте 1 қыркүйек білім күніне орай 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын аталып өтті. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдір

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты “Көкмардан” жалпы білім беретін мектепте 1 қыркүйек білім күніне орай 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын аталып өтті. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерімізге арнап алғашқы қоңырау үні соғылды. Оқушыларымыз өз өнерін көрсетіп, мектебіміздің директоры Шарипов Ади Шәріпұлы білім алушылар мен ұстаздарды құттықтап өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, жиынға арнайы қонақ болып келген Талапты ауыл округі әкімінің орынбасары Киізбаев Мұхит, Камқоршылық кеңесінің төрағасы Ерназаров Қажымаханбет, зейнеткер ұстазымыз Кенжебекова Күлпан апайымыз,Ата-аналар комитетінің төрағасы Бахаев Тәліп ағайымыз қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, 1 сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етті. Салтанатты іс-шара өз деңгейінде аталып өтілді.
Білім күні құтты болсын! Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Мерекелік іс- шарадан соң учаскелік инспектор полиция капитаны Сәдібеков Дархан Жеңісханұлымен бірлесе бастауыш сыныптарда жол қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
#Bilim_quni
#Отырар_ауданы_білім_бөлімі
#Оқу_ағарту_министрлігі
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие