Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде ардагерлер және жасөпірімдер арасында Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, ардагер ұстаз Әбілқасым Бұғыбай Төлебайұлын еске алуға арналған аудандық шахматтан турнир өткізілді.
Турнирге қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін ұсынды. Шараның мақсаты – ұлағатты ұстаздың есімін ұлықтау, жас буынды зияткерлік спортқа баулу және ардагерлермен жаңа буынның байланысын нығайту.
Жеңімпаздарымызға арнайы марапаттармен және Алғыс хаттар табыс етілді.
Іс-шараға қолдау көрсеткен ел азаматтарына алғыс білдіреміз!





