Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Спорт саласының үздіктері марапатталды. Елдің елдігін танытып, абыройын асқақтататын саланың бірі – спорт екендігі даусыз.  Осы орайда аудандық мәдениет сарайында жыл қорытындысымен жетістікке жеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.

Спорт саласының үздіктері марапатталды. Елдің елдігін танытып, абыройын асқақтататын саланың бірі – спорт екендігі даусыз. Осы орайда аудандық мәдениет сарайында жыл қорытындысымен жетістікке жеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.

Спорт саласының үздіктері марапатталды.
Елдің елдігін танытып, абыройын асқақтататын саланың бірі – спорт екендігі даусыз.
Осы орайда аудандық мәдениет сарайында жыл қорытындысымен жетістікке жеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Мерекелік шара барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы барша споршылар мен сала ардагерлерін құттықтап, жас спортшыларға олимпиада шыңын бағындыра берулеріне тілектесігін білдірді.
Аудан басшысы өз сөзінде: “Өткен 2024 жылы ауданның спорт саласында да біршама ауқымды істер атқарылды. Оның нақты дәлелі аудан спортшыларының облыстық, республикалық және халықаралық көптеген турнирлерден олжамен оралуы”,-деген аудан басшысы ауданымыздың спорт саңлақтарына табыс пен алдағы байрақты бәсекелерде сәттілік тіледі.
Сонымен қатар шара барысында спорт саласында жетістікке жеткен ауыл округі әкімдеріне арнайы алғыс хаттар мен кубоктар табысталды.
Осы сахнада біздің “Көкмардан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы да “Ұлттық мектеп лигасы” жобасы аясында спорт түрлері бойынша 9-11 сынып оқушылары І-орын және 5-6 сынып оқушылары ІІ-орын иеленді.
Алғыс хаттармен, дипломдармен және арнайы кубоктармен марапаттады.
Мектеп ұжымын жеңісімен құттықтаймыз!