⚜️ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ⚜️ мерекелік айдары
📚 Ұстаз-қастерлі һәм ұлы сөз. Әр баланың жүрегінен орын таба білген қасиетті тұлға. Шәкірттің бойына білім нәрін сусындатып, ақылын айтып, қателерін түзеп, оны кешіре білген ардақты ұстаздардың дәрежесі қашанда жоғары.
📚Мектептің жүрегіне айналған ұстаздардың бірі де бірегейі, Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Жұмагелдиев Рахымжан-
шыдамдылық пен төзімділікті тең ұстаған жан. Рахымжан Жұмагелдіұлы балаға деген сүйіспеншілігінің арқасында шәкірттерін алға жетелейді, бағыт-бағдар береді, шабыттандырады. Шәкіртіне мақсат қойып және оған жетуіне сенім ұялатады. Өз мамандығын жаны сүйетін, бойына асыл қасиеттерді жинаған ұстаздың жетістіктері де аз емес.
1. 2018 жылы Отан қорғаушылар күні құрметіне Әскери парадтың өткізілуін ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін облыс әкімінен Алғыс хат.
2. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Астана қаласында өткен Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында тапанша атудан өткен Республикалық жарыста 1 орын.
3. 2022 жылы «Айбын-2022» VIII Республикалық әскери-патриоттық жастар жинының облыстық іріктеу сайысында АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан 2 орын.
4. 2022 жылы Мұғалімдердің білім беру саласындағы перспективаларын қарастыру мақсатында өткізілген «Үздік Алғашқы әскери және технологиялы дайындық пәні мұғалімі» аудандық байқауында Бас жүлде.
5. 2022-2023 оқу жылында Түркістан қаласында Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырған әскери жетекшілердің облыстық байқауында 1 дәрежелі диплом.
6. 2023-2024 оқу жылында Арыс қаласында Түркістан облысы педагогтері арасында «Әскери патриотты жетекші – 2023» облыстық байқауында 1 дәрежелі диплом.
7. 2024-2025 оқу жылында Отырар аудандық білім бөлімінің күнтізбелік жоспарына сәйкес аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген әскери спорттық жарыста 1 орын.
8. 2024-2025 оқу жылында Отырар аудандық білім бөлімінің күнтізбелік жоспарына сәйкес «Біз Тәуелсіз елдің ұландарымыз» тақырыбында Калашников автоматын уқытқа бөлшектеп құрастырудан өткен әскери спорттық жарыста 1 орын.
9. Халық қаһарманы С.Нұрмағанбетовтің 100 жылдығына орай өткен «Айбын 2024» Республикалық әскери-патриоттық жастар жинының облыстық іріктеу сайысында АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан 3 орын.
📚Сізге, мерейлі төл мерекеңізде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қажымас қайрат, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз.
Жаңалықтар
