Тіліңізді таңдаңыз

Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«ТҰЛҒА ЕТКЕН МЕКТЕБІМ!» ✨🎓 2026 жылдың 17 маусым мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау

«ТҰЛҒА ЕТКЕН МЕКТЕБІМ!» ✨🎓 2026 жылдың 17 маусым мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау

🎓✨ «ТҰЛҒА ЕТКЕН МЕКТЕБІМ!» ✨🎓
2026 жылдың 17 маусымында Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау салтанатты кеші жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты шара барысында мектеп директоры Ади Шарипов шәкірттерге жүрекжарды тілегін арнап, олардың алдағы өмір жолына сәттілік тіледі.
✨ Бұл күн – түлектер үшін ерекше әрі ұмытылмас сәт. Балалық шақтың алтын мекені болған мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қаққан жас түлектер көптен күткен аттестаттарын иеленді. Жылдар бойы алған білімдері мен жинаған тәжірибелерінің нәтижесі бүгінгі мерекеде айқын көрініс тапты.
🌟 Мектебіміздің мақтанышы болған «Алтын белгі» иегерлері:
1. Маханбет Шынар
2. Танабек Ерасыл
📚 Қызыл аттестат иегерлері:
1. Нұран Зере
2. Қалдарханұлы Даниал
3. Момбек Нұрбақыт
4. Құрманбекова Нұрайлым
5. Мамырайхан Айым
6. Бейсенбі Асылжан
Сіздердің табандылықтарыңыз, білімге деген құштарлықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз – үлкен жетістіктің жарқын дәлелі. Бұл жетістік – ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ата-аналардың қолдауының жемісі.
Құрметті түлектер!
Бүгін сіздер алтын ұя мектептен түлеп ұшып, жаңа өмірдің белесіне қадам басып отырсыздар. Алдарыңыздан ашылатын мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, армандарыңызға нық қадаммен жете беріңіздер. Еліміздің ертеңі болатын білімді, саналы, парасатты азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.
💐 Ақ жол, жас түлектер! 💫 Болашақтарыңыз жарқын болсын! 💫 Қадамдарыңыз сенімді болсын! 💫 Армандарыңыз асқақтай берсін!
Мектептен үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдарыңыз сәтті болып, әрқашан биіктерден көріне беріңіздер!