🇰🇿 «Тәуелсіз Қазақстан – Ұлы дала»
Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасында «Тәуелсіз Қазақстан – Ұлы дала» тақырыбында 9-10 сынып оқушылар арасында фотобайқау ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін ояту, туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау барысында оқушылар Қазақстанның табиғаты мен тарихи жерлерін, ел тәуелсіздігінің рухын фото арқылы жеткізді. Әрбір сурет – Отанға деген шексіз махаббаттың көрінісі болды.
Тәуелсіз елдің жас ұрпағы – өз жерінің жанашыры!
#ТәуелсізҚазақстан
#ҰлыДалаЕлі
#Фотобайқау
Жаңалықтар
