«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен азаматтық мәдениет көрінісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында «Таза Қазақстан» бастамасының ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Тазалық – тек қоршаған ортаны қорғау ғана емес, ол қоғамның мәдени деңгейін, жауапкершілігін және елге деген шынайы жанашырлығын білдіреді.Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде - бұл бастаманы еңбек адамдарының белсенді қатысуымен жүзеге асатын маңызды қоғамдық іс деп санайды. Ұжымдық тазалық шаралары, сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстары – ұйымшылдықты нығайтып, ортақ іске деген жауапкершілікті арттырады.
Таза көше, таза аула, таза жұмыс орны – қауіпсіз еңбек ортасының, салауатты өмір салтының және қоғамдық келісімнің негізі. Осы тұрғыда Көкмардан жалпы білім беретін мектебінің еңбек ұжымдарын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді.
Тазалық – әр азаматтың күнделікті ісінен басталады.
#ТазаҚазақстан
#ЕңбекАдамдары
#ҚоғамдықЖауапкершілік
Жаңалықтар





