Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде «Өз құқығыңды қорғай біл!» тақырыбында мектепішілік дебат ұйымдастырылды.
Дебаттың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз пікірін еркін әрі дәлелді жеткізе білуге үйрету және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Қатысушылар өз ойларын нақты деректермен негіздеп, қарсы тараптың пікіріне құрметпен қарап, мәдениетті түрде талқылау жүргізе білді.
Пікірсайыс барысында оқушылар құқық пен міндеттің өзара байланысы, заңды білу мен оны сақтау маңыздылығы туралы өз көзқарастарын ортаға салды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін көтеріп, белсенді әрі саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Жаңалықтар





