«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң және тәртіп айы» болып белгіленді.
Осыған орай Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде «Заң және тәртіп» құндылығы бойынша сынып сағаты және қауіпсіздік сабақтары жүйелі түрде өткізілуде.
Сынып сағаттары барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, заңға құрметпен қарау, тәртіпті сақтау, жауапкершілікті сезіну және адал азамат болып қалыптасу мәселелері кеңінен түсіндірілуде.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың саналы, жауапты әрі құқықтық мәдениеті жоғары азамат болып өсуіне бағытталған.





