Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде «Ұшқыр ой» үйірме жетекшісі Дәуренбекова Гүлжазираның ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп – қоғамның темірқазығы» тақырыбында дебат өткізді. Дебат барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға,заңға құрметпен қарауға және азаматтық жауапкершілікті сезінуге бағытталған пікірсайыс түрі. Пікірсайыста оқушылар заңның қоғам өміріндегі маңызын, тәртіптің тұрақтылық пен кауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін талқылады. Сонымен қатар, заңсыздықтың салдары мен құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары жөнінде ой қозғады.
Бұл дебаттың мақсаты- жас ұрпаққа заңды құрметтеу, әділдік пен адалдық қағидаларын ұстану, өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттілігін түсіндіру.
Жаңалықтар





