Көкмардан жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың, әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың, әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде Отырар АПБ ҚПБ жедел уәкілі, полиция лейтенанты С.Көшен, Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторлары полиция лейтенанттары М.Сержан мен Н.Төлегеннің қатысуымен 8-11 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың, әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттерден аулақ болу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ буллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру мәселелері қозғалды.
Мұндай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне оң ықпал етеді