Жолдау – 2025: Жаңа мүмкіндіктер кезеңі
8 қыркүйек 2025 жылы Президент Жолдауы – ел болашағына бағытталған нақты қадамдар мен стратегиялық шешімдер жиынтығы. Әсіресе, білім беру саласына қойылған міндеттер – қоғамның дамуында ұстаздың рөлін арттыра түсетін маңызды бағдар.
Жасанды интеллект, цифрлық трансформация, жаңа білім беру модельдері – мұның барлығы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың кепілі. Бұл бастамалар тек мұғалімдерге ғана емес, ата-аналар мен оқушыларға да үлкен серпіліс береді.
Білім беру саласындағы жаңашылдықтарды қолдай отырып, біз – ұстаздар қауымы, әр баланың жеке қабілетін ашуға, елімізге адал, парасатты азамат тәрбиелеуге үлес қосамыз. Президенттің сенімі – біздің ісімізде көрініс табуы тиіс.
"Ұстаз – жаңғыру көшінің бастауы.
Білім – мемлекет тірегі, ұрпақ болашағының негізі" демекші Көкмардан жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нышанбаева Бейсенкүл апайымыз жолдаудың басым бағыттарына тоқтала отырып баяндама дайындады. Мектеп директоры А.Шарипов пен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Қарақұлова өз ойларын білдірді.
#Жолдау_2025
Жаңалықтар
